17 Декабрь
14:16
Астана: -12 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Туризм
25 мамыр 15:13
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Франциядағы Эйфель мұнарасы жабылып қалды
Франциядағы Эйфель мұнарасы жабылып қалды



Франциядағы Эйфель мұнарасы жабылып қалды. Оған себеп қызмет көрсетуші компаниясы туристерді тонауға құныққан қалта ұрыларының көбейгеніне наразы болып отыр, деп жазады BBC.
 Олар мұнара ішін қылмыстық топ жайлады дегенді айтады. Мұндай наразылық алғаш рет өтіп отырған жоқ. 2013 жылы сәуірде Лувр қызметкерлері шағым айтқан болатын, тіпті ұрылар ашықтан-ашық күш көрсете бастаған. Ол кезде саяхатшылар жиі аялдайтын музейдің 200 қызметкері бас көтерген болатын.
Денис Вэвэссори, кәсіподақ өкілі: 
- Эйфель мұнарасында қалта ұрылары бүкіл кезде болған, бірақ соңғы кездері олардың қатары арта түсті әрі беталыстары өте жаман. Сондықтан біз ереуілге шықтық. Осы мәселеге полицейлердің назарын аударғымыз келеді.
Франсиско Мадеира, Бразилиядан келген турист: 
- Өкінішке қарай, мұнда қалта ұрылары өте көп. Біз өзімізді қауіпсіз сезіне алмаймыз. Оның үстіне Эйфель мұнарасына кіре алмадық.
2014 жылы Парижге 22 млннан астам шет елдік туристер қонақ болған. Ұрылар көбіне көп мөлшердегі ақшаны өзімен бірге алып жүретін Қытайдан келген туристерді тонауды дағдыға айналдырыпты. Қытайлық туристердің шағымынан соң Париж үкіметі туристер көп жүретін танымал аудандарғы қосымша бақылау тобын күшейте түскен болатын. Ал биылғы жылы Париж көшелеріне 26 мыңнан астам тәртіп сақшылары жұмылдырылмақ.

Дереккөзі:Baq.kz 
 
нравится:    1041
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии