Әлем жаңалықтары
13 мамыр 10:37
Францияның хайуанаттар саябағынан 17 сирек кездесетін маймыл ұрланды
Францияның құқық қорғау органдарының өкілдері  Орлеанаға жақын маңда орналасқан жануарлар саябағынан ұрлық жасағандарды іздестіріп жатыр.


Ұрылар түнгі уақытта "Боваль" жануарлар саябағы арқылы еніп, жеті алтын түсті арыстан басты тамаринды және он күмісті игрунокты қолды еткен, деп хабарлайды ВВС.
 
Ұрланған маймылдар бразилиялық үкіметтің меншігі болып табылады.

"Бұл өте сирек кездесетін және аса күтімді қажет ететін жануарлар түрі,- деп атады жануарлар саябағының директоры Родольф Делор.

Ол ұрланған маймылдардың жағдайларына алаңдайтындықтарын, оларды сақтау үшін арнайы диеталар мен ерекше күтімдер қажет екендіктерін айтты.
Делордың айтуынша, ұрылар өте кәнігі болған, олар бейне бақылау жүйесіне түспей, барлық күзет бекеттерінен ың-шыңсыз айналып шыққан.



Ұрланған маймылдар бразильяның ну ормандарында тіршілік етеді, олар жер бетінен жойылып кету қауіптерінің алдында тұр.

Комментарии




Яндекс.Метрика