12 Декабрь
06:48
Астана: -17 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Кербез
21 қараша 15:35
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Француздардың пияз қосылған сорпасы

Франция асханасының кең таралған тағамдарының бірі - пиязды сорпа (french onion soup). Бар болғаны 20 минуттың ішінде ыстық тамақ жасаймыз. Тауық етінің немесе сиыр етінің сорпасына оңай жасалынатын тағам. Тек пияз ғана салып, дәмді тамақ шығады ма екен, деп күмәнданатын болсарсыздар. Дәмді шығатынына, жасап көріп бір-ақ көз жеткізуге болады)) Кептірілген багет тілімдері мен грюйер ірімшігі қарапайым пиязды сорпаның дәмін аша түседі.

Құрамы:
Тауықтың сорпасы - 400 мл.,
Пияз 3-4 дана,
Лимон шырыны - 4-5 ас қасық,
Сары май - 1 ас қасық,
Зәйтүн майы - 5-6 ас қасық,
Багет - 4 тілім,
Грюйер ірімшігі (немесе басқа қатты сұрыпты ірімшік) - 200 гр.

Пиязды жұқалап тураймыз.
Сары май мен 1-2 ас қасық зәйтүн майын табада қыздырамыз да, туралған пиязды аламыз.
Багет тілімдеріне зәйтүн майын жағып, 180°С-та қызып тұрған пешке 10 минутқа қоямыз. Сол уақытта нан кеуіп, аздап қызару керек.
Пиязды қоңырқай түске дейін қуырамыз.
Табаға тауық етінің сорпасын және лимон шырынын құямыз.
Керамикалық (ыстыққа төзімді) ыдыстарға 1-1,5 ожау сорпадан, үстіне 2 тілім багет қоямыз.
Оның үстіне ірімшікті үккіштен өткізіп, саламыз.
Пешке 5-10 минутқа қоямыз.
Пеште жоғарғы гриль функциясын қосуға болады.

Астарыңыз дәмді болсын!
нравится:    488
Теги: Ас мәзірі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии