15 Декабрь
14:17
Астана: -12 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Туризм
15 шілде 18:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Фудзияма тауында тегін Wi-Fi орнатылды
Жапонияның ең негізгі көрнекілі орындарының бірі болып табылатын Фудзияма тауында тегін Wi-Fi орнатылатын болады. Бұл туристере ыңғайлы жағдай туғызу үшін жасалып отырған шаралардың бірі.



Фудзияма  — Хонсю аралының оңтүстік-шығысындағы әрекетті жанартау, Жапонияның ең биік жері (3776 м). Токио қаласынан оңтүстік-батысқа қарай 100 км-дей жерде. Базальтты жәнеандезитті лавадан тұрады. Жанартау соңғы рет 1707 — 1708 ж. атқылады. Шыңы дұрыс конус пішінді, кратерінің тереңдігі 250 м-дей, оны 10 ай бойы қар жауып жатады. Беткейлерінде мәңгі жасыл ормандар, бұталы өсімдіктер өседі. Фудзи-Хаконе-Идзу ұлттық саябағыныңқұрамына кіреді. Минералды бұлақтарға бай. Фудзияма — жапон елінің нышаны, жапондардың қасиет тұтатын тауы, оған жыл сайын ондаған мың адам көтеріледі.



Үстіміздегі жылдың 10 шілдеден бастап, аталған тауға шығушылардың барлығы тегін интернет желісіне қосыла алады. Жергілікті тұрғындар мен туристер Фудзиямаға келген сәттен бастап, 3 тәулік бойы тегін Wi-Fi желісін қолдана алады. Жалпы тауда ғаламторға шығуға жол ашатын 8 нүкте орнатылған. 
Фудзияма - әлем бойынша ғаламтор желісіне қосылған бірінші мемлекет болып есептеледі.

Дереккөзі: Daily Mail
нравится:    923
Теги: Туризм жаңалықтары,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии