23 Сентябрь
11:27
Астана: 0 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Спорт
2 маусым 12:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Футболдан Әлем чемпионатында қазақстандық жұлдыздар қарсыластарын ұтты

2016 жыл 27 мамыр мен 5 маусым аралығында Мәскеу қаласында әртістер арасында футболдан Әлем чемпионаты өтуде. Елімізден бұл чемпионатқа “Алатау” футбол клубы қатысып жатыр. Олар алғашқы ойында қарсыластарын 7:0 есебімен ұтты.

Бұл туралы “Stan.kz” хабарлайды.

Мәскеу қаласында өтіп жатқан футболдан Әлем чемпионатына қазақстандық шоу бизнес өкілдері де қатысып жатыр. Олар – Арман Қоңырбаев, Ғаділбек Жанай, Аян Бірбаев, Тәуекел Мүслім, Айдар Рысбек, Әділжан Омаров, Нұржан Керменбаев, Ерлан Әлімов, Ақылбек Жеменей және т.б.-лар.

“Алаутау” клубы Әлем чемпионатында осымен 3 рет бақ сынады. Осы уақытқа дейін 9 және 5 орындарды иемденген болатын. Биыл да чемпионатқа 16 ел қатысып, жеребе бойынша 4 топқа бөлінген. Қазақстан құрамасы С тобында Аргентина, Иран, Словакия елдерімен ойынға түсті.


Алғашқы кездесуде 7:0 есебімен Аргентина әншілер құрамасын ұтқан. Бұдан кейін Словакиямен ойнап, қарсыластарын 2:0 есебімен тізе бүктірген. Ал 1 маусым күні өткен Қазақстан-Иран арасындағы шешуші ойында екі жақ тең түскен.

Әншілер тек футбол ойнап қана қоймай, 29 мамыр күні Мәскеу қаласы Горкий саябағында жергілікті қазақтарға арнап концерт қойып берген.

Әзірге Қазақстан құрамасының командалық есеп бойынша нешінші орында келе жатқаны белгісіз. Ол 5 маусым күні өтетін соңғы ойынан кейін анықталады.
нравится:    674
Теги: Спорт жаңалықтары, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии