23 Август
02:53
Астана: 17 °C
Алматы: 13 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Әлем жаңалықтары
5 қыркүйек 12:15
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

G20 деген не және оған кімдер мүше?

G20 немесе Үлкен жиырмалық – әлемдегі экономикасы мықты дамыған және қарқынды дамып келе жатқан елдер клубы. Құрылтай конференциясы 1999 жылдың желтоқсанында Берлинде өтті. Клубқа Австралия, Аргентина, АҚШ, Бразилия, Германия, Жапония, Оңтүстік Корея, Оңтүстік Африка Республикасы, Индонезия, Италия, Канада, Қытай, Мексика, Ресей, Сауд Арабиясы, Түркия, Франция, Ұлыбритания, Үндістан және Еуропа Одағы кіреді. G20 cаммитіне Халықаралық валюта қоры, БҰҰ, Дүниежүзілік банк сияқты халықаралық ұйымдардың да өкілдері қатысады.

Құрылу себебі

G20 бірлестігі 90-жылдардың соңында Азия елдерін шарпыған қаржы дағдарысына жауап ретінде құрылды. Өйткені, ол дағдарыс экономикасы қарыштап дамып келе жатқан елдерді әлемдік маңызы бар талқылаулар мен шешім қабылдауларға жеткілікті дәрежеде қатыстырмаудың зардабын көрсетті. Одан бұрын экономикасы аса ірі жеті ел G7 форматында бас қосып әлем мәселелерін талқылайтын. 2008 жылғы әлемдік экономикалық дағдарыс G7 форматынан G20-қа өту процесін тездетті. Өйткені, әлемдік экономика бұрын-соңды болмаған тоқырауға ұшырайды деген қауіп күшейген еді.

Үлкен жиырмалыққа кіретін мемлекеттер әлемдік жалпы ұлттық өнімнің 85%-ына, әлемдік сауданың 75%-ына ие. Сонымен қатар бұл елдерде дүние жүзі халқының үштен екісі тұрады.

G20 кездесулерінде тараптар әлемдік қаржы жүйесіндегі ынтымақтастық мәселелерін талқылап, пікір алмасады. Бастапқыда үлкен жиырмалықтың саммиттері қаржы министрлері мен орталық банк басшыларының кездесуі деңгейінде өтіп жүрді. 2008 жылдан бастап мемлекет басшылары бас қосатын болды.

Бір қызығы, әуелде G33 құрылып, оның құрамында Бельгия, Чили, Египет, Гонконг, Марокко, Нидерланды, Польша, Сингапур, Кот-д’Ивуар, Испания, Швеция, Швецария және Таиланд болды. Одан кейін 1999 жылы G22 пайда болды. Бір жыл ішінде ол G20-ға қысқарды.

Қытайдағы саммитте не талқыланады?

Клубқа 2016 жылы төрағалық еткен Қытай өз тарихында алғаш рет оның саммитін қабылдап отыр. Бұл жолы күн тәртібіндегі негізгі мәселелер – қаржы нарығы мен экология. Экономика өсімінің баяулағаны әлемдік қаржы ұйымдарын мазалап отырғаны рас. Сондықтан олар сауда-саттықты кедергілерден арылту жолдарын іздейді. Ал экономикасы мықты дамыған Қытай бүгінде ауаның ластануынан зардап шегіп отыр. Осы себепті ол экологиялық жобаларға қаржы тарту мақсатында «жасыл қаржы» мәселесіне көбірек назар аударғысы келеді.

G20 елдеріндегі экономикалық өсім орташа есеппен 1,5%. Баяулауға  демография (тұрғындардың қартаюы), корпоративті секторда және мемлекеттер деңгейінде қарыздың өсуіне байланысты инвестициялардың азаюы, сонымен қатар протекционистік шаралардың көбеюі себеп болған. Екі жыл бұрын Австралияда өткен саммитте форум басшылары экономикалық өсімді 2018 жылға қарай 2 пайыздық көрсеткішке жеткізуі тиіс реформаларды мақұлдаған болатын. Қазіргі болжамдар бойынша ол мақсат орындалмауы мүмкін.

Қытайдың бастамасы бойынша саммиттің күн тәртібіне «жасыл қаржы» тақырыбы енгізілді. «Жасыл қаржы» деп отырғаны – энергия үнемдеуші және экологиялық таза технологияларды қаржыландыру. Бұл жоба кейінгі үш жылда экономикасы дамыған елдерде, соның ішінде Қытай мен Үндістанда да іске асып келеді.

Дереккөз: bnews.kz
нравится:    722
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии