20 Ноябрь
09:46
Астана: -2 °C
Алматы: -9 °C
USD/KZT: 332.21
EUR/KZT: 391.74
RUB/KZT: 5.57
CNY/KZT: 50.08
Мәдениет
14 қыркүйек 12:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

«Гәкку дауысы» думанды шоуға айналды
Тойдың болғанынан, боладысы қызық.Елдің көп күткен «Гәкку дауысы» фестивалі өте шықты. Музыка мейрамы уәде етілген сағаттан бір минутта кешікпей басталды. Кеш соңына дейін Алматының ескі алаңына 40 мыңға жуық көрермен жиналды. Елуден астам әнші өз өнерлерін көрсетті.



Эстрадамыздың аңыз арулары Нағима Есқалиева, Роза Рымбаева, Мақпал Жүнісова ән салғанда, жиналған жұрт өткен шақты еске алды. Алты жарым сағат бойы нағыз шоу болды. Жарық, дыбыс, би, жанды дауыс, ұйымдастыру деңгейі көпшілікті таң қалдырды. 


Күздің кешін көркейткен «Гәкку дауысы» осымен екінші жыл қатарынан ұйымдастырылып отыр. Кешті Тәуекел Мүсілім, Әсел Садуақасова және Нұртас Адамбаев пен Мадина Садуақасова, Малик Хасенов пен Сабит Рахимбаев жүргізді. «Сабина келіннің» авторы қызық әзілдерімен жұртты күлдірді. Әншілердің жанды дауыста өнер көрсетуіне себепші болған – «Заратуштра» бенді.

Ақпарат айдынына қадам басқан арнаға бір жыл толды. 24 сағат бойы, отандық музыканы насихаттайтын тұңғыш арнаның қоржынында - 1500 бейнеклип бар. Еліміздің 23 қаласына хабар таратады. Күн сайын жаңа есімдерге өнерде жол ашып қана қоймай, ескірмейтін әндерді де әуелетіп келеді. Арнамыздың әнұранын опера бұлбұлы, жастықтың құрдасы – Нұржамал Үсенбаева орындады. 

Жақында дүние салған, эстрадамызда шоқтығы биік тұлға – Батырхан Шүкеновке ән арнағанда алаңға жиналғандар еріксіз егіле жылады. Оны көрген композиция авторы Ренат Гайсинге өнер көрсету қиынға соқты.

Ренат та басқа жастар секілді Батырханды тыңдап өсті. Кейін эстрадамыздың өркендеуіне бірлесіп үлес қосты. 14 жыл бойы бірге еңбектенді. Сіздер де шығармадан үзінді тыңдай отырыңыздар.

Шығармашылық тандемнің тұрақтылығы ұмытылмайтын хиттердің өмірге келуіне себеп болады. Мысалы, «Мюзиколаның» мына бір әнін білмейтін жан кем де кем.

Тәтті ностальгия кеші ғана болған жоқ. Жалынды жастардың талпынысы бір төбе. «Арнау», Али Оқапов және тағы басқалары жаңа әндерінің тұсауын кесті. Күн сайын жаңалықтарды үзбей қараңыздар. Дүбірлі тойымыздан ұсынар «сарқытымыз» көп.

Дереккөзі: gakku.kz
нравится:    1643
Теги: Музыка,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии