15 Декабрь
10:37
Астана: -22 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Әлем жаңалықтары
2 қараша 12:06
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ғаламдық жылыну Қазақстанға қалай әсер етіп жатыр?
Ғаламдық жылыну қазіргі кезде өте өзекті проблемалардың бірі.  Егер ғаламдық жылыну осы қарқынмен жүре беретін болса ғалымдардың болжауынша, су тасқынынан, әсіресе, Оңтүстік-Шы­ғыс Азия елдерінің бірқатар қалалары – Бангкок, Шанхай, Гуанчжоу, Хошимин және Янган  қатты зардап шегуі мүмкін-міс. Ғаламдық жылыну проблемасының бұдан басқа да зардаптары жетерлік... Біз өз кезегімізде ғаламдық жылыну Қазақстанға қалай әсер етіп жатқандығына, оның тигізетін  және тигізген зардаптарына назар аудармақшымыз.



Жалпы соңғы  3 жыл ішінде Қазақстанның астық экспорты күрт төмендеп кеткен.  ҚР ҚМ Кедендік бақылау комитетінің деректері бойынша жасалған, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің жыл сайынғы есептеріне сәйкес, Қазақстанның 2014 жылы экспортталған астық өнімдерінің жалпы саны 4207,9 мың тоннаны, ал 2013 жылы – 4922,8 мың тоннаны, 2012 жылы – 7459,3 мың тоннаны құраған екен. Осы деректрге қарасақ,  2012 жыл мен 2014 жыл мерзімі аралығында астық экспорты 3251,4 мың тоннаға, яғни 43% дейін қысқарған. Бұл Қазақстанның негізгі байлығы, табысының басым бөлігін құрайтын астықтық 50 пайызға жуық көлемін жоғалтып отырғандығын көрсетеді. Мұндай экономикалық шығынның себебі неде?  Бұл бірінші кезекте еліміздегі климаттың өзгеруі салдарынан орын алып отыр деп тұжырым жасаймыз. 



Соңғы мәліметтерге сүйенсек,  республикада табиғи апаттар жеделділігі мен жиілігі көрсеткіштері артып отыр. Мәселен, егер бұрынырақта сел, бұршақты жауын-шашындар, күннің қатты суып немесе қатты ысып кетуі 100 жылдар бір рет қайталанса, қазір бұл жағдай жылда қайталанатын құбыластардың біріне айналды.



2015 жылы жазда Орталық Азияның барлық өңірлерінде шектен тыс ауа температурасы (~40◦C) тіркеліп, ол тау мұздықтарының жылдам еруіне әсер етіп, сел қауіптерін күшейтіп жіберді. 2015 жылы шілде айында Алматы қаласының тау етегінде орналасқан елді-мекендер тау көлдерінің арнасынан тасып кетуінен айтарлықтай экономикалық шығындарға батты және мыңдаған адамның өмірлеріне қауіптер туды. Аталған апаттан нақты есеп бойынша, 76  адам зардап шекті, 127 үй бұзылды, 1,000 дейін тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге тура келді. 



Бұл ғаламдық жылынудың Қазақстанға тигізіп жатқан зардаптарының бір парасы ғана. Әрине, бұл біз ғана шеше алатын мәселе емес, онымен әлем болып күрес жүргізіліп жатыр. Қазақстан да бұл ғаламдық күрес жұмыстарынан шет қалып қойған жоқ.  Орталық Азия аймақтық экологиялық орталығы баспасөз-қызметінің таратқан мәліметтеріне сәйкес,  Қазақстан 2030 жылдарға қарай парникті газдар шығарындыларын 15% қысқартуға дайын екен. Әрине, бұл «теңізге құйған тамшыдан» болса да ...

Авторы: Абай Айсара
 
нравится:    2475
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии