19 Сентябрь
19:30
Астана: 17 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 340.02
EUR/KZT: 406.26
RUB/KZT: 5.90
CNY/KZT: 51.79
Әлем жаңалықтары
11 қараша 09:59
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ғаламшардағы ең бойы ұзын адам қайтыс болды
26 жастағы Порнчай Саосридің бойы 2 метр, 69 сантиметр болған.Жол апатына ұшыраған ер адам одан кейін қайта денсаулығын жақсартып, аяққа тұра алмады. Ол 72 келі салмақ жоғалтты, бұл ретте бойы 12 сантиметрге өскен. Бұлшық еттерінің әлсірегені соншалық, Порнчайдың 153 келі салмағына шыдай да алмады.



Анасының айтуынша, ұлының бойы алтыншы сыныптан жылдам өсе бастаған. Дәрігерлер оның бойының өсуі гормоналдық ауытқушылыққа байланысты болғанын анықтады.
Порнчайдың ауруханада жатқаны туралы ақпарат жергілікті БАҚ беттеріне бір айдай уақыт бұрын түскен. Белсенділер бұл адамның емделуіне көмектесуді шешіп, 3 мыңға жуық доллар қаражат жинаған. Өкінішке қарай, енді  бұл ақша алып адамның жерлеу рәсімін өткізуге жұмсалады.

Порнчай Жер бетіндегі бойы ең ұзын адам ретінде ресми жазылмағанын атап өту керек. Бұған ол тұрған провинцияның билігі кінәлі - олар өз жерлесінің дәрежесін растау өтінімін беріп үлгермеді. Гиннестің рекордтар кітабында бұл санатта түрік азаматы Сұлтан Кесеннің есімі жазылған. Бұл адамның бойы - 2 метр, 51 сантиметр. 


Дереккөзі: Қазақпарат


 
нравится:    861
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии