Әлем жаңалықтары
24 тамыз 14:36
​Ғаламтор желісінің пайда болғанына 25 жыл!
 
 
Әлемдік ғаламтор желісі World Wide Web-тің пайда болғанына кеше, яғни 23-тамызда 25 жыл толды. Тура 25 жыл бұрын, 1991 жылы ұлыбританиялық ғалым өзінің жаңалығы туралы жаһанға жар салған болатын.
 
Шын мәнінде, ең алғашқы сайт 1991 жылдың 6-тамызында ашылған. Бірақ оған  ЕЯЗО-ның санаулы ғалымдары ғана кіре алды. Ал 23-тамызда ғаламтор барша бұқараға қолжетімді болды.
 
Ұлыбританиялық ғалым Бернерс Ли World Wide Web жасау үшін екі жыл уақытын жұмсаған. Әуелде ол гиперсілтеме арқылы құжаттармен танысуға мүмкіндік беретін бағдарлама жасаған. Кейін Mosaic компаниясы жеке компьютерлерге арналған бірінші браузерді іске қосты. Бұл браузер ғаламтордың танымалдылығын арттырды.
 
Қазіргі таңда әлем халқының 46 пайызы World Wide Web-ті тұтынады. Яғни жердегі халықтың жартысына жуығы, 3,4 млрд адам. Жаһандық ғаламтор желісінде миллиардтаған сай бар. Бірақ олардың төрттен бірі ғана белсенді.
 
Дереккөз: planet-today.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика