13 Декабрь
01:56
Астана: -26 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
11 сәуір 17:01
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ғаламтордағы Елбасының қанатты сөздері


Ақорданың Фейсбуктегі ресми парақшасында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қанатты сөздері жарияланды.

Елбасы сан-салалы мемлекеттік қызметтен қолы қалт еткенде табиғат аясында болғанды ұнатады. Әрине, мойнында бүтін бір елдің жауапкершілігі тұрған Президент өмірінде мұндай сәттер тым сирек болады. Туған жердің сұлу көркі шабыттандырған Нұрсұлтан Әбішұлының кестелі ой, көркем толғаныстары баршылық. Солардың бір шоғырын бүгін біз «Фейсбук» оқырмандары назарына ұсынып отырмыз.

***
Қазақтың кең байтақ жерінде аңызға айналмаған тұс тіпті аз, бәрі де қастерлі өлке, қасиетті мекен.
***
Қасиетті қазақ жері - ата-бабаларымыздың даңқты тарихын атының тұяғымен жазып кеткен жер.
***
Жалпақ жұртыңды, иісі алашыңды құрметтеу алдымен өзің тұрған өлкенің тарихын, табиғатын танудан, адамдарын ардақтаудан басталады.
***
«Көшпелілер» мал жайып өткен жерінің бәрін өздерінікі санай берген» дейтін сандырақты ғылыми тұрғыда әшкерелеу шарт.
***
Домбыра үніне ұйымаған, жусанды даланың иісін аңсамаған қазақты қазақ деп айтудың өз қиын.
***
Жер абаттанса, ел абаттанады.
***
Бірақ бәрі де өзім туып-өскен қазағымның жеріне, Алатаудың бір бөктеріне жамбастай жығылған үш қоңыр төбеге жетпеді. Балалығымның, сағынышымның алтын қазығы сонда екен...
***
Ауылдың амандығы - елдің амандығы.
***
Ауыл - қазақтың алтын бесігі.
***
Салтанаты жарасқан қаласы бар, байтағы ұшан-теңіз даласы бар, аруақ қолдаған бабасы бар ел екендігімізді мақтан етейік!


Дереккөзі: Қазақпарат
нравится:    880
Теги: Саясат, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии