Спорт
29 қыркүйек 10:19
«Галатасарай» футболшылары Астанаға келді
Түркияның «Галатасарай» командасының футболшылары Астанаға келіп жетті. Халықаралық әуежайдан «Галатасарай» футболшыларын көптеген түрік азаматтары қарсы алды. 



Жанкүйерлерімен кездескен галатасарайлықтар қолтаңбаларын беріп, ескелік суреттеріне түсті. Бұдан кейін футболшылар арнайы автобуспен қонақүйге жеткізілді. Кешкісін түркиялық команданың бас жаттықтырушысы Хамза Хамзаоғлы шәкірттерінің алаңға тезірек үйренісуі үшін «Астана Аренаға» аттанды. Бұл алаңда ыстамбұлдықтар сәрсенбі күні болатын ойынның алдында екі жаттығуын өткізбек, деп жазады Sports.kz 







 

Комментарии




Яндекс.Метрика