21 Октябрь
09:17
Астана: 5 °C
Алматы: 4 °C
USD/KZT: 335.24
EUR/KZT: 395.82
RUB/KZT: 5.82
CNY/KZT: 50.65
Әлем жаңалықтары
24 қазан 18:17
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ғалымдар 2045 жылға қарай әлемде болатын үш жаңалықты атады


Пентагонның Қорғаныстың Зерттеу Жобасы Агенттігі (DARPA) алдағы 30 жылдың басты жаңалығы ретінде роботтар мен жасанды интеллекттің өнеркәсіптегі жұмысшыларды алмастырып, дрондардың әскери және коммерциялық мақсатта пайдаланылатынын және өзі жүретін көліктердің кеңінен қолданысқа енетінін айтады, деп хабарлайды naryk.kz

DARPA агенттігінің “Болашаққа бағыт” баяндамасында ғалымдар 2045 жылға қарай әлемде болатын ең негізгі үш өзгеріске кеңінен тоқталған.

Биология ғылымдарының докторы Джастин Санчестың болжамынша адамдар алдағы 30 жылда өздерінің миы арқылы қоршаған ортаны басқара алатын деңгейге жетеді.

“Елестетіп көріңіз, сіз тек ойлау арқылы ғана айналаға әсер ете аласыз. Нейросигналдар арқылы өзгелермен байланыс құру коммуникацияның дамыған шегіне жеткізеді”, – дейді ғалым.

Санчестің сөзінше, қазіргі таңда DARPA агенттігі нейротехнологияда үлкен жұмыстар атқаруда. Мәселен, қазірдің өзінде осы саланың ғалымдары адамзаттың ойлау арқылы өзгелерге және қоршаған ортаға әсер етудің қарапайым футуристік үлгілерін дайындап қойған.

Өткен аптада ғана агенттік сал ауруына ұшыраған адамға сезім мүшелерін беріп, денсаулығын қалпына келтіргенін айтады доктор Санчес.

Мидың күшімен өзгелерге әсер етуден бөлек алдағы 30 жылда болатын ең үлкен жаңалық ретінде геолог Стефани Томпкинс биік ғимараттар салудағы инновация туралы айтады.

“Алдағы уақытта өте шыдамды бірақ өте жеңіл ғимараттар салу мүмкіндігіне ие боламыз. Ол үшін темірдей мықты және молекуланың салмағындай жеңіл жаңа материалдар пайда болады”, – дейді ғалым.

Оның айтуынша, 2045 жылға қарай ғимараттар адам танымастай өзгеріске ұшырайды.

Үшінші жаңалық ретінде инженер, астронафт Пам Мелрой көлік пен тасымал саласындағы өзгерісті айтады. Оның айтуынша, 2045 жылға қарай көлікер мен ұшақтарда ақылды технологиялар орнатылып, апаттың алдын алу үшін олардың арасында интерактивті технология енгізіледі. Яғни, көліктер өзара “сөйлесе” алатын деңгейге жетпек.

“Тіпті, ұшақтар мен көшедегі көліктерге жүргізушілер мен ұшқыштар қажетсіз болып қалуы ғажап емес”, – дейді ғалым.



Дереккөзі: naryk.kz
 
нравится:    1056
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии