23 Август
19:44
Астана: 28 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 333.08
EUR/KZT: 391.50
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.00
Туризм
25 сәуір 12:51
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Ғалымдар 3 жасқа толмаған баламен алыста демалуды құптамайды


Баланың демалысы теңіз жағасында өтсе, оның иммунитеті мықты болады деген пікір бар. Сол үшін көптеген ата-аналар балаларын кішкентай кезден бастап жылы жаққа алып барғанды жөн көреді. Сол уақытта ұшақ, не пойызбен жүруге тура келеді. Ал ол баланың денсаулығына айтарлықтай пайдалы емес.

Өмірінің алғашқы үш жылында баланың иммунитеті өте белсенді қалыптаса бастайды. Отбасы тұрып жатқан үйден бастап, бүлдіршінмен қарым-қатынаста болатын ата-анасының, өзге адамдардың терісінде, шырышты қабатында ерекше бактериялар мен вирустар болады. Баланың иммунитеті солардың барлығымен танысып, антидене деп аталынатын ерекше қорғаныш жасушаларын қалыптастыруы қажет. Бүлдіршін үшін микробтық ортаны ауыстыру - стресс туғызатын жағдай. Балалар (әсіресе 1 жасқа дейінгі ) ересектерге қарағанда созылмалы стрессті ғана емес, кез-келген стрессті ауыр қабылдайды. Бұндай жағдайлар иммундық жүйенің жұмысын әлсіретеді.
Ауаның жоғарғы температурасы (25°С бастап) да балаға зиянын тигізеді. Өйткені, кішкентай баланың жылу алмасу механизмі толық жетілмеген болғандықтан, олар тез ыстықтап, жылулық соққы алады. Ұзақ саяхаттан соң туған еліне келген бала климаттың өзгеруіне қайтадан үйренуі қажет. Салқындап қалған жағдайда көп бүлдіршіндер асқынған тыныс жолдарының вирусты инфекциясымен ауырады.
Қорыта келгенде, жасына толмаған баламен ұзақ саяхаттау, әсіресе теңізге бару пайдалы емес. Үш жасқа дейінгі балалармен қала сыртында немесе климат ауыспайтын жағдайда демалу қажет.

yvision.kz сайтынан алынды. 
нравится:    757
Теги: Саяхатшыларға кеңес,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии