|    |  
15 желтоқсан 2018
07:11
қаз
Ғалымдар: 40-тан асқан адамдар аптасына үш күн жұмыс істеуі тиіс
20 сәуір, 09:20 675

Мельбурн институтында автралиялық ғалымдар 40-тан асқан адамдар аптасына кемінде үш күн жұмыс істеу қажет деген тұжырымға келді, деп хабарлады ВВС.
Мамандардың айтуынша, мұндай жұмыс режімі оларға жоғары еңбек өнімділігін сақтауға және өз ағзасын артық физикалық және психологиялық жүктемеден қорғауға мүмкіндік береді. Олар  40-тан асқан 6,5 мың адамның жұмысқа барынша ден қоюын сақтау мүмкіндігін зерделеді.
Барлық қатысушыларға бірнеше тест тапсыру ұсынылды. Сонымен, еріктілерге кері бағытта дауыстап оқу және рәміздерді салыстыру ұсынылды. Қорытындысында аптасына 25 сағат жұмыс істегендердің көрсеткіштері жақсы нәтиже берді.
Ғалымдардың  айтуынша, бұл 40-тан  асқан адамдар қысқартылған жұмыс режіміне көшу қажеттігіне дәлел болады. Бұл шектен тыс шаршауды болдырмай, когнитивтік мүмкіндіктерді төмендетуге ықпал етеді. Яғни, еңбек өнімділігін арттырып, орындалған жұмыстың сапасын жақсартады.

​ҚазАқпарат
 
Теги: Денсаулық


Жаңалықтар