20 Август
04:36
Астана: 11 °C
Алматы: 12 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
26 маусым 12:19
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ғалымдар адам денесіндегі ауруларды оның туған айына қарап болжай бастады



Аликанте университетінің (Испания) ғалымдары адамның дүниеге келген айына байланысты оның денесіндегі ауру түрлерін болжай бастады, деп хабарлайды Daily Mail.


Қыркүйек айында дүниеге келген адамдар қаңтар айының тумаларына қарағанда қалқанша безі ауруларына үш есе жиі шалдығатын көрінеді. Тамыз айныда дүниеге келген ер кісілер жыл басында дүние есігін ашқан жандармен салыстырғанда демікпе (астма) ауруымен екі есе жиі ауырады екен. Маусым айында туған жандар, орташа көрсеткіш бойынша, 34%-ға күйзеліске (депрессия)  көп ұшырайды және арқаның төменгі бөлігінің ауруларымен 22%-ға аз ауыратын көрінеді.

Маусымда дүниеге келген нәзік жандылар бас сақинасымен 33%-ға артық ауырады және басқалармен салыстырғанда, етеккір үзілісіне байланысты проблемаларға 35%-ға кем ұшырайды екен. Шілде айында дүниеге келген әйелдердің жоғары артериялық қысымға 27%-ға жиі ұшайды және несеп-зәрін ұстай алмау ауруына 27%-ға жиі шалдығады екен.
 

Дереккөзі: https://lenta.ru
 
нравится:    289
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии