Әлем жаңалықтары
21 қыркүйек 14:34
Ғалымдар адамның ең бақытты және бақытсыз күй кешетін жас шамасын анықтады

Автралиядағы отбасын зерттеу институтының ғалымдары адам өмірінің ең бақытсыз және бақытты кезеңдерін анықтады. 

Жүздеген адамға зерттеу жүргізген ғалымдар 35 пен 50 жас аралығында адамдар өзін бақытсыз сезінеді деген шешімге келді. Ал, 15 пен 20 жас аралығында өзіне көңілі толмай, жыл өткен сайын бұл сезім бақытсыз сезінуге алып барады дейді зерттеуді жүргізген мамандар. Бұл кезең 50 жасқа дейін сақталып, одан әрі адамдар өздерін өмірдегі орнын тапқандай сезімде болады. Сондай-ақ, орта жастағы әйел адамдар ерлерге қарағанда өздерін бақыттырақ сезінетіні де анықталып отыр.

Адамдардың өзін нағыз бақытты сезінетін уақыты 55-60 жастан басталады және шамамен 80 жасқа дейін созылады. 80-нен кейін олардың өмірге деген қызығушылығы төмендеп, бақытты кезең соңына жетеді.

Ғалымдардың айтуынша, ажырасу, баланың дүниеге келуі, туған үйінен жыраққа кету, жарынан айрылу, зейнетке шығу сынды жағдайлар өмір сүруге деген сүйіспеншілікті азайтады.

Ең қызығы, бала дүниеге келгеннен кейін әйелдің де, ер адамның өмірге деген махаббаты төмендейді екен. Ал керісінше, зейнетке шығу кезеңінде екеуі де бақытты күй кешеді. 

Baq.kz

Комментарии




Яндекс.Метрика