17 Декабрь
12:18
Астана: -19 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
21 қаңтар 09:18
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ғалымдар: Әлемдік мұхит деңгейі біз ойлағаннан да жылдам көтеріліп келеді


Гренландияда мұздың еруі әлемдік мұхит деңгейінің  болжанғаннан да жылдам көтерілуіне әкелуде. Әлемдегі аралдардың ірі мұз жамылғысының қалыптасуын зерделеуші Дания, Гренландия геологиялық барлау қызметінің қызметкерлері осындай тұжырым жасады. Ғалымдар 2009-2010 жылғы жазғы ыстық кезеңде қар қалыңдығы мен мұз қабыршағы мұхитқа құйылатын ағын суды ұстап тұратын қабілетін жоғалтқан. Бұл бұрын ескерілмеген жағдай,  яғни, адамзат болжағаннан бұрын климаттың жылына бастайтынын білдіреді.Videnskab.dk атты даттық ғылыми интернет порталына берген сұхбатында зерттеуге қатысқан профессор Джейсон Бокс бірнеше аномалиялық  жылы маусымдардан кейін қар қабатының бетіне көп су жиналып, тығыз мұзды қабыршық қалыптастыратынын айтты. Бұл кейіннен ағын судың тереңге ағуына кедергі келтіріп, қатуына ықпал етеді. Суды ұстайтын қабаттың  қалыңдығы  Гренландияның кей аудандарында 40 метрге жетсе, ол енді 3 метрге дейін жұқарған.
Әрі, ғалымдар әзірге бұл құбылыстың қаншалықты таралғанын анық білмейді. Гляциолог Дирка ван Асаның айтуынша, Гренландиядағы мұз жамылғысы құрылымының өзгеруі - климаттың жаһандық жылынуының тікелей салдары. Ғалымдар оны қалпына келтіру бірнеше жылдарды қамтитынын атап өтеді. Бұл аралдарда жазғы ауа райы аса жоғары болмаған кезде қолға алынуы тиіс. Бұл туралы мақала Nature журналының соңғы нөмірінде жарияланды.

Дереккөзі: ҚазАқпарат
 
нравится:    676
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии