Кербез
12 мамыр 12:16
​Ғалымдар артық салмақпен күресудің, күйзеліс пен жоғары қан қысымды жеңуге болатын керемет тәсілді айтуда

 Бұл расында да сізді таң қалдыра қоймайтыны анық. Деседе пет-терапияның адамдар үшін пайдалы екенін ғалымдар тағы дәлелдеп берді. Тіпті көптеген зерттеулердің өзі мұны қоштап отыр. Әсіресе, күйзеліске ұшырағанда, қатты қобалжуды бастан өткерген уақыттарда, сонымен қатар қан қысым көтерілгенде үй жануарлармен тіл табысудың тиімділігі зор. Бұл ретте үй жануарларының адамға ең жақыны, досы әрі жеті қазынаның бірі итті ерекше атауға болады. Мысық пен балықтың да керек десеңіз, теңіз жәндіктерінің дәрігерден кем түспейтін емші рөлін атқара алатын қасиеті бар болып шықты. Осылайша, олар адамға қиын сәттерде жанға түскен қайғыны бөлісіп, сол жағдайды шешуде жануарлар себепкер болмақ. Бұл адамдардың жануарлармен ежелден келе жатқан тығыз қарым-қатынасының арқасында анықталып отыр.

Ал пет терапия негізінен жүйке мен жүрек ауруларында көп қолданылады. Онда адамның жүрек соғысын реттеуге, жүйке жүйесінің бір қалыпта жұмыс істеуіне жағдай туғызады. Сондай-ақ, эндрофиндар мен гормондарды қайта жандандырады. Мұнымен қоса, өмірден ләззат іздеуі бәсеңдеп, стресске түсуі азаяды. Қуанышқа қарай қан қысым қалпына келіп, тұрақтылық сақталады. Ал иттің тағы бір тигізер пайдасын айтар болсақ, иесін жалғызсыратпауға барын салады. Сондай-ақ, жануарлар адамдардың күліп жүруі мен әлемге көзқарасын өзгертпеуге, өмірден түңілмеуге тырысып бағады. Осы орайда алпысты алқымдаған 1500 ден астам адамға жасалған зерттеудің нәтижесіне тоқталып өтейік. Үй жануарлары бар қарттардың систологиялық артерия қан қысымын өлшеуде З,З4 мл болған. Ал бұл көрсеткіш жалғыз басты егде тарқан кісіге қарағанда әлде қайда аз.

Бұл жағдайдың көп болғаны инсультты артыруы, сонымен қатар оған деген сенімді 5 пайызға азаяды. Егер ртут ұлғайса, инсульт болу қауіп үдей түседі.

Сондай ақ зерттеу жалғыз басты қарияның қан қысымы, егер ол өзіне серік үйжануарын асыраған жағдайда небәрі 5 айда төмендейтінін көрсеткен. Ит адамды таза ауада серуендеуге, көп қимыл қозғалыста болуын қамтамасыз ететін бірден бір ақылды жануар. Ал кейде олар бір қауіптің алдын алып ескертіп жататынын күнделікті өмірде кездесіріп жатамыз. Бұл дегеніміз қартайғанда емес, егер сіз адамдардан жалғыз жүруді жаныңыз қалайтын болса кем дегенде бір үй жануарының сіздің көңіліңізді өзіне аудыруы керек. Бұл адамның денсаулығы мен психикалық ауытқулардың алдын алатын бірден бір керемет тәсіл.

Дереккөзі: ​orthodox.od.ua

Комментарии




Яндекс.Метрика