|    |  
16 қазан 2019
22:19
қаз
Ғалымдар: Аспирин денсаулыққа зиян
03 қыркүйек 2018, 10:45 64



Ғалымдар аспирин жүректің жұмысын қорғауы мүмкін деген мифті жоққа шығарды. Керісінше, аспирин жүрек ауруына ұшыраған жандарға зиянды болып шықты, деп хабарлайды «Звезда» телеарнасы.

Бұрын аспириннің күнделікті аздаған дозасы инфарк және инсульт қаупін төмендетуі мүмкін деп есептелетін.

Оксфорд университетінің бір топ ғалымдары жүргізген зерттеудің нәтижелеріне сәйкес аспирин жүректі түрлі проблемалардан қорғамақ түгілі, қан кетуін тудыруға себепші болуы мүмкін екендігі анықталып отыр.

12 мың адам қатысқан зерттеу жұмыстары 10 жыл бойы жүргізілген. Ғалымдар қатысушылардың бір тобына күніне 100 мг аспирин берген, ал екінші топтағылар жай ғана дәрі алып отырған.

Нәтижесінде, күн сайын аспирин қабылдаған топтағы адамдардың мұрнынан, ішектерінен және асқазандарынан қан кету фактілері жиі байқалған. 

 


Жаңалықтар