12 Декабрь
12:29
Астана: -18 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
19 қазан 09:31
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ғалымдар: Бақытты адамдар ұзақ өмір сүреді
Бақытты адамдар бақытсыздардан гөрі табыс деңгейі, денсаулық және отбасы жағдайларына қарамастан ұзақ өмір сүреді.Мұндай тұжырымды Солтүстік Каролина университенінің ғалымдары жасады, деп жазады meddaily.ru. Олар 30 жыл бойы зерттеуге қатысқан 3 мың ерікті адамның өмірін бақылаған.



Зерттеушілер қатысушылардан олардың қаншалықты бақытты екенін сұрады. Одан кейін еріктілердің жауаптарын алдын ала өлім қаупімен салыстырған, деп хабарлайды The Daily Mail. 
Бақытсыз адамдар өздерін өте бақытты сезінгендерден гөрі 14 пайыз жиі қайтыс болғаны анықталды. Бұдан басқа, өздерін онша бақытты емес сезінген қатысушылар бақытты адамдарға қарағанда 6 пайыз жиі көз жұмған. Мамандардың пікірінше, бақытты адамдар күйзеліске жақсы төтеп бере алған және олардың достары көп. Өмірді ұзартатын осы себептер.
Айта кетейік, Австралия ғалымдары таяуда адамдардың қанша жаста бақытты екенін анықтаған. Осылайша, өмірге қанағаттанушылық деңгейі 15-тен 20 жасқа дейін күрт төмендей түседі. Одан кейін 20-35 жас аралығында біртіндеп азаю атап өтіледі. Адамдардың өз өмірлеріне қанағаттанушылық сезімінің ең төмен деңгей - 35 пен 50 жас аралығында. Одан кейін ол жоғарылай бастайды. 

Дереккөзі: ҚазАқпарат
нравится:    804
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии