15 Декабрь
14:11
Астана: -12 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Әлем жаңалықтары
14 сәуір 10:09
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ғалымдар бананның ДНҚ-сын өзгертті
Израиль ғалымдары пісу мерзімін баяулату үшін бананның ДНҚ-сын өзгертті. Осының арқасында жемістерді ұзақ сақтауға болады.



Бұл жаңалық ең алдымен тоңазытқыш сатып алуға мұршасы жоқ дамушы елдердің тұрғындарына қажет екен. Әлем бойынша жұрттың көбісі дәмді әрі дәруменге бай осы жемісті ұнатады. Бірақ бір кемшілігі, бананды ұзақ сақтауға болмайды. Сатып алғаннан кейін бірнеше күн өтісімен, қабығы қарайып, жеміс шіри бастайды. Хая Фридман, Вулкани атындағы институт қызметкері: - Мына банандардың ДНҚ-сын өзгерттік, енді олар баяу пісетін болды. Ал мынау өз қалпында қалған жемістер. Екі шоғы да бір мезгілде, осыдан бір ай бұрын ағаштан кесілгеніне назар аударыңыз. Ғалымдардың айтуынша, гендері жетілдірілген банандардың дәмі мен сапасы жағынан ешбір айырмашылығы жоқ. Мамандар осы жаңалықтары жемістер жетіспейтін дамушы елдердің тұрғындарына көмек беретініне үмітті. Енді ғалымдар шаруалар да, сатушылар да пайда табатындай етіп өз технологиясын енгізу тәсілін іздестіріп жүр.

Дереккөзі: 24.kz

 
нравится:    752
Теги: Главная, Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии