16 Декабрь
20:57
Астана: -19 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
17 тамыз 10:07
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ғалымдар: бір көргеннен сүйіп қалу деген болмайды
Ағылшын ғалымдары бір көргеннен ғашық болып, сүйіп қалатын махаббаттың өмірде мүлдем жоқ екенін дәлелдеп шықты. Бұл туралы Ladyportal.info хабарлады.



Оқымыстылар өз зерттеулеріне сүйене келіп, мұндайдың, әсіресе, нәзік жыныстылар арасында болмайтынын алға тартты. «Оларда махаббат оты, бәлкім, алтыншы рет көргеннен кейін ғана тұтанып қалатын шығар», – деп мәлімдейді Альбион жерінің ақбастылары осыған орай.

Ғалымдардың зерттеулері нәтижелері әйелдің ер кісімен танысып, сөйлескеннен кейін онымен қарым-қатынасты жалғастыруға болатын-болмайтынын шешіп алуы үшін 45 секунд уақыт керек екенін көрсеткен.

Бір таң қаларлығы, әйелдер танысқан кезінде алдымен ер кісінің көзіне қарайды екен, тек содан кейін ғана сыртқы келбетіне көз салып, қолында неке жүзігі бар-жоқ екенін білуге құштарлық танытатын болып шықты. Адамзаттың арулары бұдан кейін жігіттің шаш қойысына, қолдарына, аяқкиіміне, ақыр соңында өзін қалай ұстайтынына мән бере бастайтынға ұқсайды.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    932
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии