19 Август
15:06
Астана: 20 °C
Алматы: 25 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
16 қазан 17:08
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ғалымдар доңыздарды адам ағзасының донорына айналдырмақшы


Ғалымдар геномды реттеу — адамның туа біткен ауруына ғана емес, сонымен бірге шошқаның адам ағзасына донорлығына жаратуға болатынына сенімді. Профессор Джордж Черч Crispr технологиясын доңыздардың ДНК-сын өзгерту үшін пайдаланбақшы – деп хабарлайды Би-Би-Си. Бұл идеяға қарсы шыққандар да бар. Қарсылық білдіргендер ағзаны қабылдамау және түрлі вирус жұқтыру қаупін алға тартуда. Бір жағынан алып қарасақ, қазіргі донор тапшылығында бұл шешім таптырмас әдіс деуге болады. Белгілі болғаны, профессор шошқаның жасушаларындағы инактивированды ретровирусқа көңіл аудартты. Доңыздардың эмбрионымен жүргізілген зерттеу барысында белгілі болғаны: Crispr технологиясының көмегімен жасушалардан 62 вирустардың көшірмесін алып тастауға болады екен. Кейіннен профессор доңыз жасушаларының адам жасушаларына вирус беру қасиеті сақталғанын тексерді. Көптеген жағдайда вирус алмасу сақталмаған. Демек, жалпы алғанда шошқаның жасушасын адам үшін қауіпсіз етуге және өзге ағзаны қабылдамауды болдырмауға бұл технологияның қабілеті бар деп білеміз. Профессор өзінің жеке компаниясында трансплантологияның бұл бағытын одан әрі дамытуға ниетті.

Дереккөзі: http://7sunews.kz/
нравится:    641
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии