|    |  
11 желтоқсан 2018
00:56
қаз
Ғалымдар доңыздың ұйқы безін адамға сәтті орналастырды
22 сәуір, 15:02 867


Орталық Оңтүстік Университетіндегі қытайлық ғалымдар  Сидней университетінің (Австралия) зерттеу тобымен бірлесіп сусамырмен ауыратын науқасқа доңыздың ұйқы безін сәтті орналастыра алғанын хабарлады. 
Ота 2013 жылғы шілдеден 2016 жылғы ақпан аралығы кезеңінде жасалды. Қазір оны сәтті өтті деп айтуға болады. Бір жағдайда инсулинді пайдалануға қажеттілік 80,5 пайызға азайды. Тағы екі науқастың да денсаулығы жақсарды. Оларда инсулин мөлшерін 57 пайыз, тиісінше 56 пайызға төмендете алды.
Бұл оталар донор ағазлардың тапшылығын жоюға бағытталған бағдарламаны іске асыру аясында жүргізілді. Жануарлардың ағзасын трансплантациялауға  пайдалану туралы айтылып келе жатқанына көп болды. Әзірге ғалымдар доңыз органдарын маймылға орналастырып байқап көруде. Қазір доңыздан алынған донор жүрекпен екі жыл өмір сүріп жатқан маймыл бар. Revivcor компаниясы маймылға доңыз өкпесін орналастыруға әзірленіп жатқанын хабарлады, деп  жазды «Медновости» порталы.
 
 


Жаңалықтар