|    |  
12 желтоқсан 2019
05:59
қаз
Ғалымдар есте сақтау қабілетін қалай жақсартудың амалын тапты
10 ақпан 2018, 11:09 50
Америка ғалымдары адамның есте сақтау қабілетін жақсартатын тәсілді тапты. Олар бұл үшін миға енгізілетін механизмді пайдаланған.
 

 
Жасанды механизм адамның когнитивті көрсеткіштерін жақсарту үшін миына енгізілген. Жасанды интеллекті енгізілген жады жақсы жұмыс істеген. Бұл кезде еріктілер 15%-ға жақсы есте сақтайтын болған.
 
Мұндай тәжірибелер Пенсильванияда жүргізілген. Бастапқыда тәжірибе жануарларға жасалыпты. Кейін ғалымдар оны адамдарға қолданған. Экспериментке 25 адам қатысқан. Бәрі эпилепсиядан зардап шеккен. Ғалымдар тәжірибе жүргізу кезінде естеліктер мен ми белсенділігінің арасындағы байланысты анықтаған. Осылайша адамның әлденені есте сақтаған кезде миында қандай процесс жүретінін бақылаған.
 


Дереккөз: doctor.rambler.ru


Жаңалықтар