15 Декабрь
14:06
Астана: -12 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.92
EUR/KZT: 395.88
RUB/KZT: 5.71
CNY/KZT: 50.69
Әлем жаңалықтары
16 мамыр 11:14
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ғалымдар ежелгі «әлемдік соғыстың» іздерін анықтады


Кейбір ғалымдар Троя соғысы Гомер сипаттағаннан гөрі анағұрлым жойқын болғанын айтады. Швейцариялық зерттеушілердің  пайымдауынша, осынау белгілі жанжал «Әлемдік соғыстың» қорытынды актілерінің бірі болды деп санайды.
Болжам бойынша бұл жанжал 3200 жыл бұрын болған тәрізді. Оның ежелгі әлем үшін маңызы қазіргі біз білетін әлемдік соғыстардан кем болмаған.
Соғысты бүгінде мүлдем ұмытылған лувиялықтар деген халық бастаған сыңайлы, деп хабарлайды. New Scientist.
Біздің жыл санауымызға дейінгі екінші мыңжылдықта Шығыс Жерорта теңізі аймағында бірнеше өркениет өмір сүрген, атап айтқанда, олардың арасында мысырлықтар мен хеттер болған. Алайда бір ұрпақ ауысқаннаннан кейін олар да жер бетінен жоғалған. Оған кінәлі климаттың өзгеруі ме?  Табиғи катаклизм бе? Әлеуметтік тұрақсыздық па? Археологтар бұл уәждердің бірімен де келіспйді.
Лувиялықтарды зерттеген швейцарлық Эберхард Цангер хеттпен қандас осы халық сол кездегі геосаяси өзгерістерде үлкен рөл атқарған деген пікір айтады. Оларды қазіргі армяндардың ата-бабасы деп санайтындар да бар.
Лувиялықтардың мекені Батыс Анадолы (қазіргі Түркияның азиялық бөлігінің батыс жағы) болған. Зерттеулерге сәйкес бұл өңір минералдар мен темір рудасына бай болған, ал олардың ежелгі дүниеде маңызы зор еді.  
moya-planeta.ru жазуына қарағанда, Цангер спутниктік суреттерді зерттеу барысында кейінгі қола ғасыры дәуірінде бұл өлкеде халық тығыз қоныстанғанын анықтады. Ол өңірдегі 340 ірі елді мекендердің орнын тапқан, олардың кейбірі ғарыштан да анық көрінеді. Бірақ та осы қалашықтардың шағын ғана бір бөлігі зерттелген.
Хеттік мәтіндерге қарағанда лувиялықтар кейде көрші елдерге шабуыл жасау үшін үлкен коалицbя құрып отырған. Цангер 3200 жыл бұрын лувиялықтар хеттіктерге шабуіл жасап, олардың күл-талқанын шығарған.
Бұдан кейін «теңіз адамдары» тарапынан қуатты шабуыл болғаны көрінеді. Цангер бұл жерде лувиялықтар туралы айтылып отыр деп санайды. Хеттерден кейін олар египет жаңа патшалығын жоймақ болған.
Осы оқиғалар Гомердің «Иллиада» жырына арқау болған.  Цангердің пікірінше, кейінгі қола дәурінде ірі қалалардың бәрі дерлік бүліншілікке ұшыраған.
Ал басқа бір зерттеушілер Цангердің баяндауына күмәнмен қарайды. Дегенмен сын садағына ілінгеніне қарамастан, Цангердің Батыс Анадолыдағы археологиялдық жетістіктері ғылымға пайда әкеледі, деп санайды ғылыми қоғамдастық. 
 
нравится:    588
Теги: Қоғам, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии