|    |  
15 желтоқсан 2018
18:45
қаз
​Ғалымдар ішек жолдарын зақымдайтын 5 қауіпті тағамды атады
09 қазан, 13:39 1111

Австралия диетологы Эмма Тейлор асқазан-ішек жолдарын зақымдайтын қауіпті деген 5 өнімді атады. Тізімге бірқатар көкөніс те кірді.
Эмма Тейлордың айтуы бойынша, тіпті қауіпсіз деп есептелетін тағамның өзі егер құрамында лектиндер болса, қауіп тудырады екен.

Бірінші кезекте бұлар – қызанақтар. Дәндерінің көп болуына байланысты қызанақ құрамында лектиндер көп, бұл ішек жолдарының проблемасын тудырады. Құрамында лектиндері бар қауіпті тағамдардың біріне картоп жатады екен.

Кешью мен арахис те ішек үлбірі арқылы қанға түсетін аса көп көлемді лектиндерге толы келеді. Ал қанға лектиннің көп мөлшерде түсуі канцерогендердің жоғарылауына әкеп соқтырады, бұл обыр жасушалары ретінде аса танымал. Дәл осы себеппен байланыстыра отырып, диетолог жүгері мен үрмебұршақты да пайдалануға кеңес бермейді.

Дереккөзі: ​orthodox.od.ua


Жаңалықтар