Әлем жаңалықтары
30 мамыр 10:41
Ғалымдар қандай дәмхананың тағамы зиянды және қымбат болатынын айтты


Бір топ ғалымдардың жарияланған ғылыми еңбегі жұртшылық назарын аударды. Сөйтсе, жарығы нашар дәмхана немесе мейрамханалар тағамы адамның денсаулығы үшін зиян және әмияны үшін қымбат болып шықты, деп хабарлайды 24.kz телеарнасы.

Journal of Marketing Research басылымында шыққан мақалаға сәйкес, зерттеуге қатысқандардың 24%-ы осындай тамақтану орындарында асқазан үшін пайдасы шамалы тамаққа тапсырыс берген. Ғылыми тәжірибе барысында жарықтандыру деңгейі әртүрлі 160 мейрамханада тамаққа берілген тапсырысқа талдау жасалды. Сол кезде қонақтар зиянды және майлы тағамға ең көп рет тапсырыс жасаған. Мұнысы аздай, мейрамханаға келушілер зиянды тамақ ішкені үшін көп ақша төлеген.


 

Комментарии




Яндекс.Метрика