17 Июль
10:13
Астана: 22 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 342.49
EUR/KZT: 400.85
RUB/KZT: 5.51
CNY/KZT: 51.33
Кербез
3 шілде 09:32
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ғалымдар қазан мен табаның қаупін анықтады
Вашингтондағы Қоршаған ортаны қорғау агенттігі күюге қарсы қорғанышы бар ыдыстағы және дақты жұқтырмайтын кілемдегі миксроскоптық кішкене бөліктердің адам ағзасына тағам арқылы обырдың пайда болуына әсер ететіндігі туралы баяндама жасады.



Перфтороктанды қышқыл (PFOA) тефлоннан жасалған заттарда, сондай-ақ күюге қарсы, ылғалды болдырмайтын, кірді жұқтырмайтын материалдарда қолданылады. Алайда бұл қышқыл зиянды қоспалардан тұрады. Дәрісхана зерттеулерінде мұндай заттардан жасалған материалдардың жануарларда бауыр, өт жолдары және жыныстық орган обырын тудыратындығы дәлелденген, сонымен қатар бедеулікке алып келеді.

Сонымен қатар, PFOA гормоналды өзгерістерге алып келеді, ішек қабынып, қалқанша безінің жұмысы өзгереді.  

Адам табаны қыздырғанда не күйдіріп алғанда дәл осындай перфтороктанды қышқылдың әсеріне ұшырайды.

Қоқысқа тасталған тефлонды ыдыс та қоршаған орта үшін өз зиянын әкеледі, PFOA  топыраққа еніп, суды да ластауы әбден мүмкін.
 
Дереккөз: Корреспондент
нравится:    162
Теги: Аруларға кеңес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Читайте также:

Комментарии