19 Август
04:06
Астана: 12 °C
Алматы: 11 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
26 қыркүйек 11:10
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ғалымдар: кептерлер жазылған жазуды ажырата алады

Жаңа Зеландияның Отага университетінің ғалымдары кептерлердің жазылған әртүрлі жазуларды ажырата алатындарын дәлелдеп берді. Бұл туралы «Газета.Ru» ақпарына сілтеме жасаған ras.kz хабарлады.

Осыған қатысты мәлімет PNAS журналында жарияланған. Тәжірибе жасау барысында Q35 нөиірі бекітіліп берілген кептердің қағазға жазылған тұтас 58 сөзді жаттап алғаны байқалған. Қалған кептерлер 43-ке дейінгі сөздерді жаттап үлгерген.

Зерттеу шеңберінде оқымыстылар кептерлерге тұмсықтарымен ағылшынның төрт сөзін шұқып көрсетуді, сондай-аұ оларды арнайы тетікшемен алып тастауды «үйреткен». Осыдан кейін алдымен сөздерді экранға жазып көрсетіп, соңынан әріптердің орындарын ауыстырып жіберіп тұрған. Сол кезде олар сол ауысқан сөздерді біліп қойған.

Жоба авторларының бірі Онур Гунтуркуннің айтуынша, «кептерлер сөздері әріптердің тұрған орындарын есте сақтап қалуға ерекше қабілетті болып шыққан».
нравится:    716
Теги: Жануарлар әлемі,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии