22 Август
17:17
Астана: 27 °C
Алматы: 27 °C
USD/KZT: 332.58
EUR/KZT: 390.38
RUB/KZT: 5.63
CNY/KZT: 49.85
Әлем жаңалықтары
16 мамыр 11:11
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ғалымдар «қорқынышты температуралық рекордты» тіркеді


2016 жылдың сәуір айы атмосфераның жай-күйіне бақылау жасаудың бүкіл тарихында ең ыстық болды, деп мәлімдеді Әуе және ғарыш кеңістігін зерттеу жөніндегі ұлттық басқармадан (NASA).
The Independent газетіне метеоролог Эрик Хольтхаус әңгімелеп бергеніндей, температураның бұлайша ысуы қорқынышты. Ғалымдар болашаққа қандай да бір болжам жасауға тартынып отыр. Алайда мамандар биылғы жылы жаңа температуралық рекордтар болатынын жоққа шығармайды.
Жалпы алғанда 2016 жыл аса жылы болып тұр, ғалымдар соңғы жарты жылдың ішінде 1951-1980 жылдардағы орташа көрсеткіштен бір пайызға ауытқу үнемі болып тұрғанын тіркеді, деп жазады RG.
Мамандардың айтуынша, мұндай үдерістер парниктік газдар шығарылуының жоғары болуы мен Эль-Ниньо құбылысымен (немесе Оңтүстік құбылуы) байланыстырылуда, бұл Тынық мұхиттің экваториальдық бөлігіндегі су беті температурасының құбылуымен сипатталады, ол климатқа елеулі ықпал етеді.
Ғалымдардың болжамына қарағанда, жаһандық жылыну әсерінен климаттық өзгерістер салдарынан Арктикадағы жануарлар мен құстардың шамамен 195 түріне (201 түрдің) құрып кету қаупі төніп тұр.
 
нравится:    1531
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии