18 Декабрь
16:55
Астана: -10 °C
Алматы: -4 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
21 қаңтар 09:21
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ғалымдар күн жүйесінің тоғызыншы планетасын тапты


АҚШ-та Калифорния технологиялық институтының ғалымдары Майкл Браун мен Константин Батыгин Күн жүйесінде жерден салмағы 10 есе артық алып планетаның бар екендігіне дәлелдер ұсынды, деп жазады Би-Би-Си агенттігі.Зерттеушілердің Astronomical Journal басылымына жазған мақаласында, планета Нептунға қарағанда жерден 20 есе алыста екендігі айтылып, ол ғарыштың қашық тұсындағы шағын денелерді зерттеу кезінде ғана анықталғандығы көрсетілген.
Майкл Браун «жұмбақ планетаның» бар екендігіне телескоппен көрмей ешкімнің сенбейтінін айтады, алайда аспан денесін қазіргі оптика көрсете алмайтын болып шықты.
Бұған дейін Күн жүйесінің ең қашық планетасы Плутон саналып келді, 2006 жылы Халықаралық астрономиялық одақ оны «кішкене планета» деп атап, одан планета мәртебесін алып тастау туралы шешім қабылдаған. 
 
нравится:    752
Теги: Главная, Технология,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии