24 Ноябрь
11:31
Астана: -6 °C
Алматы: 1 °C
USD/KZT: 330.00
EUR/KZT: 390.72
RUB/KZT: 5.65
CNY/KZT: 50.13
Әлем жаңалықтары
7 сәуір 12:45
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ғалымдар Күннен 17 млрд есе үлкен орасан зор қара тесікті тапты


АҚШ ғалымдары Күннен шамамен 17 млрд есе үлкен аса зор қара тесікті тапты. ТАСС-тың NPR  радиостансасына сілтеме жасап хабарлауынша, ғалымдар оны бүкіл Әлемдегі осы кезге дейін табылғандардың ішіндегі ең ірі нысан деп пайымдайды.
«Оның галактиканың қатардағы тобында орналасуы мұндай ғарыш алпауытының астрономдар бұған дейін пайымдағанынан әлдеқайда қарапайым болауы мүмкін екенін дәлелдейді», деп әңгімеледі радиостанса.
Беркли Чундағы Калифорния университетінің астрономы Пей Ма жаңа қара тесік Құс жолының ортасында орналасқандағыдан әлдеқайда үлкен деп санайды. «Мен біздің қара тесікті өте кішкентай деп санаймын, ол небәрі 4 миллион ғана күн массасын құрайды, ал біз тапқан қара тесік күннен 17 миллиард есе үлкен», - деп мәлімдеді ғалым.
Оның айтуынша, оны әсіресе жаңа нысанның «ғарыштық меңіреу түпкірде» орналасуы таңғалдырған. «Манхеттен ортасындағы зәулім үйлер - үйреншікті жайт, - деді Ма, - Ал бұл кішкентай американдық қалашықтағы аса биік ғимарат сияқты әсер қалдырады».
Жаңа жұмыс туралы есеп Nature журналының кезекті санында жарияланбақ. 
 
нравится:    882
Теги: Әлемде талай қызық бар,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии