|    |  
15 желтоқсан 2018
18:49
қаз
Ғалымдар күйзелісті жоюға қабілетті ең жақсы өнімді атады
29 тамыз, 16:06 111

Мамандар адамның психологиялық жағдайы мен оның тамақтануы бір-бірімен тығыз байланысты екенін айтады.

Гарвард университетінің зерттеуші ғалымдары күйзелісті жоюға қабілетті өнімді анықтай алды. Бұл әдеттегі таңғы аста желінетін бір-екі жұмыртқа болып шықты, дәл осы тағам күйзеліс гормоны деп аталатын адреналинді тастауға мүмкіндік береді екен.

Зерттеушілер алдымен өз зерттеулеріне өз келісімін берген, таңғы асқа әр түрлі тағамдарды қолданатын үш топты құрады. Бір айдың көлемінде бір топ таңғы асқа тауық жұмыртқасынан жасалған түрлі тағамдарды тұтынды. Ал басқа топтағылар таңғы асқа сұлы жармасын, енді бірі тез дайындалатын сұлыны пайдаланды.

Нәтижесінде, адамның күнделікті таңғы асқа бір не екі жұмыртқа тұтынуы оның бойындағы күйзеліске төзімділікті арттыратынын байқатты. Мұндай қасиет жұмыртқада кездесетін ақуыз мөлшерімен тікелей байланысты екен.

Айта кетерлігі, тез дайындалатын сұлы жармасын тұтыну күйзеліске осалдық танытады екен. Ғалымдардың айтуынша, бұл өнім адам ағзасындағы қант деңгейіне тікелей әсер етеді: мұндай үлбірлерді тұтынған соң ағзадағы қант мөлшері алдымен көтеріледі, одан кейін күрт төмендейді екен.

Сондай-ақ тауық жұмыртқасының адам психикасына пайдалылығы Колумбия университеті ғалымдары тарапынан да дәлелденген болатын. Таңғы асқа омлет жеу жүйке жүйесін «шыңдап», ішкі-сыртқы тітіркендіргіштерге төтеп беру қабілетін арттырады екен.

Дереккөзі: ​orthodox.od.ua
Теги: Ас мәзірі


Жаңалықтар