Авто
27 тамыз 10:43
Ғалымдар: Қымбат автокөліктер қатерлі ісікке шалдықтыруы мүмкін



Мамандар қандай автобомильдердің қатерлі ісіктің дамуына себепші болуы мүмкін екендігін анықтады.

Мұқият жүргізілген зерттеулердің арқасында мамандар көліктердің сапасыз материалдан жасалған алдыңғы терезесі үлкен мөлшерде ультракүлгін сәулелерді өткізуі мүмкін, ал бұл өз кезегінде онкологиялық ауруларды тудыру қаупін арттырады деген қорытындыға келді.

Алдыңғы терезелері сарапшылардың тексеруінен өтпей қалған көліктердің тізімі жасалды, өкінішке орай бұл тізімде люкс сыныбындағы автокөліктер де бар. Қауіпті автокөліктер тізімінде Mercedes-Benz бренді бірінші орында тұр. Инженерлер ең арзан қорғаныс қабатын орнататын BMW маркасы екінші орынға жайғасты. Себебі оның терезелері көлік салонына ультракүлгін сәуленің түсуін тек 60 %-ға ғана қорғай алады екен. Бұл көрсеткіш Audi маркалы көліктерде шамалы жоғары мәнге ие – 64%.

Lexus брендінің көліктері жақсы нәтижелер көрсетті, бұл марканың иелері 96 %-ға қорғаныспен қамтамасыз етілген.


Дереккөзі: car.ru

Комментарии




Яндекс.Метрика