22 Сентябрь
19:22
Астана: 9 °C
Алматы: 23 °C
USD/KZT: 340.35
EUR/KZT: 405.46
RUB/KZT: 5.87
CNY/KZT: 51.64
Әлем жаңалықтары
29 сәуір 15:51
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Ғалымдар мәңгілік жас болудың құпиясын тапты
Ғалымдар мәңгілік жас болудың құпиясын ашты деп, - хабарлайды Lenta.ru сайты Science басылымына сілтеме жасап. Бұл құпияны Лозаннаның Федералдық политехникалық мектебіндегі биологтар ашты.



Зерттеушілер дәрумендерді бағаналық жасушаларды жасарту үшін қолданды. Бағана жасушалары жасуша тіндерін қайта қалпына келтіреді. Дегенмен, жас келген сайын адамдарда дәрумендердің әсер ету деңгейі төмендейді. Бірақ жасушаларды қайта қалпына келтіретін функция бар, ол - митохондрия, яғни жасушадағы белгілі бір түйіршіктер.

Мұның себебі, зерттеулердің мәліметінше, митохондрия түйіршіктері ағзадағы жасушалардың тіршілік етуіне өте қажет болуында. Митохондрия нашар жұмыс істегенде, бағана жасушаларының қайта қалпына келу процесі де баяулайды.

Ғалымдар екі жыл өмір сүрген тышқанның бағана жасушаларындағы митохондрия түйіршіктерінің жұмысын жасушаны қайта қалпына келтіретін кофермент NAD+ пен құрамы В3 дәруменіне ұқсас никотинамид рибозидтің көмегімен қайта қалпына келтірді. Кофермент NAD+ дәрумені митохондрия түйіршіктеріндегі метаболизмді таратушы қызметін атқарады.

Нәтижесінде олар АТФ түріндегі энергияны таратып, тышқандардағы жасушалардың қайта қалпына келу процесін күшейтеді. Зерттеудің қорытындысы бойынша, тышқандар рибозид дәрумендерін алмаған кеміргіштерге қарағанда ұзақ өмір сүретіндігі анықталды.



 
нравится:    1322
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии