25 Сентябрь
05:11
Астана: -8 °C
Алматы: 3 °C
USD/KZT: 340.11
EUR/KZT: 407.93
RUB/KZT: 5.91
CNY/KZT: 51.61
Әлем жаңалықтары
13 қаңтар 09:35
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ғалымдар: пластик құтыдағы су белсіздікке апаруы мүмкін
12-01-16-plastik-1

Австралияның бір топ ғалымдары бірқатар эксперименттер жүргізіп, пластикалық бөтелкелердегі судың адам ағзасына келтіретін біраз залалдары бар екенін анықтады. Бұл туралы Vista News порталы хабарлады.

«Жасыл құрлықтың» оқымыстылары мұндай құтыдағы сулардың залалы адамның бірқатар қатерлі ауру-сырқауларға душар етуге алып баратынын айтып отыр. Атап айтқанда, пластика өндіріліп жатқанда оған бисфенол-А токсині пайдаланылады, уақыт өте келе сол токсин судың құрамына енеді. Зерттеушілердің айтуларынша, осы заттың үлкен концентрациясы белсіздік-бедеулік пен жүрек-қан тамырлары жүйесінің патологиясын туғызады. Бұдан бөлек, бұл токсинді ішу семіздікке, гормональды фонның бұзылуы мен бас ауруының пайда болуына жеткізуі ықтимал.

Осы зерттеу авторларының бірі Крис Уиндердің мәлімдеуінше, ғалымдар мұны анықтау үшін еріктілердің зәрлері құрамынан бисфенол-А токсинін іздестірген. Нәтижесінде ол зерттелгендердің 95 пайызының организмдерінен табылған. Бұлардың арасында екіқабат әйелдер мен балалар да болған.

Зерттеушілер сондай-ақ бөтелкеге құйылған судан төрт күн бас тартқаннан кейін қан құрамындағы токсин концентрациясын 66 пайызға түсіруге болатынын айтады.

Дереккөзі: ras.kz
нравится:    815
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии