|    |  
14 қазан 2019
11:06
қаз
Ғалымдар С дәруменінің жетіспеушілігі ағзаға аса қауіпті екенін айтты
17 мамыр 2017, 11:14 49
АҚШ ғалымдары С дәруменінің жетіспеушілігі ағзаға аса қауіпті екенін айтады. Бұған дейін ғалымдар С дәруменінің жетіспеушілігі ағза жұмысында қиындық тудыратынын айтқан еді. Бірақ бұл жетіспеушілік әлдеқайда ауқымды ауыртпашылықтарға әкелуі мүмкін.



С дәруменін адамға керекті мөлшерде қабылдау арқылы әр мүшенің жұмысын жақсартып, ағзаның сергек болуын қамтамасыз етуге болады. С дәрумені – күшті антиоксидант. Ол қартаюды бәсеңдетіп, иммундық жүйені күшейтетіндіктен, оны жиі суық тиетін, суыққа төзімсіз адамдардың қабылдағаны жөн. С дәруменінің жетіспеушілігін тістің түсуінен, жүрек және асқазан ауруларының пайда болуынан білуге болады. Бұл дәруменді ағзаға керекті мөлшерде алып отыру үшін ғалымдар цитрусті көп жеуге кеңес береді.


Жаңалықтар