20 Август
13:59
Астана: 20 °C
Алматы: 24 °C
USD/KZT: 332.80
EUR/KZT: 390.57
RUB/KZT: 5.60
CNY/KZT: 49.88
Әлем жаңалықтары
13 қараша 10:25
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Ғалымдар: сарымсақ иісі ерлерді тартымды етеді

Әдетте жұрт сарымсақ иісін жақтырмай жатады. Бірақ сарымсақты жеу, әсіресе ер адамдар үшін пайдалы болып шықты. Шотланд және чех ғалымдары жүргізген ғылыми зерттеу нәтижесіне сәйкес, сарымсақ ерлерді әйелдер үшін тартымды етеді екен. Бірақ, бұл жерде әңгіме оны жегеннен соң ауыздан шығатын жағымсыз иіс туралы емес. Мәселе ер адамнан бөлінетін тердің иісінде. Себебі көкөністің бұл түрін жеген соң тер иісінің өткірлігі бәсеңдейді, деп хабарлайды The Telegraph. Осы ретте тәжірибеге қатысқан 42 ер адамға екі немесе төрт дана сарымсақ басын жеу ұсынылып, артынша олардың терлерінің иісі арнайы әдіспен жинақталған. Сондай-ақ сарымсақ жеуден мүлде бас тартқандар болған. Мұнан соң 82 әйел ерлерден алынған тер сынамаларын иіскеп, өз бағаларын беріпті. Нәтижесінде сарымсақты ең көп жеген (4 дана) ерлер иісі нәзік жандылардың көңілінен шыққан. Ғалымдар мұны өсімдіктің бактерияларға қарсы тұра алатындығымен түсіндірді. Өйткені сарымсақты көп жеген адамның ағзасында тер иісінің жағымсыз болып шығуына себепші болатын микробтар жойылады екен.

Дереккөзі: 24.kz
нравится:    890
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии