|    |  
15 қараша 2018
09:08
қаз
​Ғалымдар: семіздік обыр дертінің 11 түріне шалдықтырады
02 наурыз, 11:20 651

Лондондағы имперский колледжі ғалымдарының зерттеулері бойынша адам ағзасындағы артық майлар обыр дертін тұғызу қаупін арттырады.
 
200 астам зерттеулердің нәтижелеріне байланысты семіздік обыр дертінің 11 түрін тұғызу қаупі бар деп дәлелденген. Олар асақазан,тік ішек пен тоқ ішек,ұйқы безі,бүйрек,аналық без,жатыр обыры және тыныс жолдары мен сүйек кемігі дертіне жиі шалдықтырады.
 
Аталған аурулардың алдыңғы қатарында өт шығару жолдарымен тығыз байланысты бауыр,ұйқы безі мен өт жолы обыры жиі кездеседі.
 
Обыр дертін зерттейтін халықаралық агенттіктің қызметкері Марк Гантердің ойынша дәрігерлерге обыр дертін тұғызу қаупіне байланысты пациенттердің семіздігі мен артық салмақтарымен күресі тек диабет пен жүрек-қан тамырлары ауыруына ғана емес сонымен қатар обыр дертінің кейбір түрлеріне де ем екенін түсіндіру қажет.


Зерттеулер бойынша  әзірше артық майдың адам ағзасында обыр дертін қалай тудыратыны туралы нақты дәлел жоқ.

Дегенмен ғалымдардың пайымдауынша семіздік гормондық шалыс пен заттардың алмасуын нашарлатады. Ал ол өз кезегінде эстроген мен инсулиннің деңгейін көтеріп қабыну процессін арттырады.
 
Cancer Research  обыр дертін зерттейтін орталықтың дәрігері  Рейчел Орриттың айтуынша: "Кей уақытта баспалдақты жиі пайдаланып құрамында қанты жоқ сусындарды пайдаланудың өзі салмақты  қалыпты деңгейде ұстап обыр дертінің қаупін неше есеге төмендетеді",-дейді.
 
Әлемде өлім-жітімнің негізгі көрсеткіші болып обыр дерті алдыңғы орындарындың бірінде тұр. Ал семіздік қаупі соңғы 40 жылда екі есеге өскен.

Сондықтан артық салмағы бар адамдардың барлығы дерлік жоғары қауіп қатарына жататынын ұмытпаулары тиіс.

Дереккөзі: http://www.bbc.com/russian
 
Жаңалықтар