17 Август
15:50
Астана: 23 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 332.70
EUR/KZT: 389.99
RUB/KZT: 5.59
CNY/KZT: 49.72
Әлем жаңалықтары
21 сәуір 11:30
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ғалымдар: Смартфондар балалардың көзін қыли етеді

Оңтүстік Кореяда ғалымдар зерттеу жүргізіп, смартфондарды пайдалану балалардың көзінің қыли болуына әсер ететінін анықтады, деп хабарлады «ToDay News Ufa» басылымы.

Мамандар 7-16 жас аралығындағы балаларды іріктеді. Оларға күн сайын 4-тен 8 сағатқа дейін смартфон пайдалануға мүмкіндік берді. Балаларға гаджетті 20-30 см қашықтықта ұстау міндетті болды. 

Тәжірибе барысында көптеген балалардың көзі қылилана бастаған. Қатысушылар смартфонды екі ай пайдаланбаған кезде ғана көздері жазылған. Ғалымдар смартфондардың көзге зиянды әсерін дәлелдеді. Көздің қылилануынан сақтану үшін мамандар смартфон пайдалануды тәулігіне 39 минутқа дейін қысқартуды ұсынады. 

Ғалымдар егер ата-ана баланың көз ауруын байқаса, бірден дәрігерге көрінуге кеңес береді. Себебі, кейбір көз аурулары жүктемені азайтса да, жазылмауы мүмкін.

​ҚазАқпарат
нравится:    832
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии