13 Декабрь
09:46
Астана: -27 °C
Алматы: -6 °C
USD/KZT: 334.85
EUR/KZT: 394.29
RUB/KZT: 5.69
CNY/KZT: 50.60
Әлем жаңалықтары
6 сәуір 10:39
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ғалымдар: Созылмалы ұйқысыздық ми жұмысына зиян тигізеді


Зерттеушілер созылмалы ұйқысыздық мидың қалыпты жұмысына зиянын тигізіп, аксондар - жүйке жасушаларының жұмысына әсер ететінін анықтады. 
Зерттеуге созылмалы ұйқысыздықтан зардап шеккен 23 адам және дені сау 30 ерікті қатысты. Қатысушылардың барлығына магнитті-резонансты томография (МРТ) жасалды. Зерттеу нәтижелері көрсеткендей, ұйқысыздықтан зардап шеккен адамдардың миының оң жақтағы бөлігіндегі ақ сұйықтық арасындағы байланыс кей жерлерде, сондай-ақ таламуста (лат. thalamus - көру төмпегі - аралық мидың орталық бөлігін алып жатқан құрылым) үзілгені байқалды, деп жазды Росбалт.
Зерттеу авторлары олардың жұмысының нәтижесі маңызды екенін айтты. Өйткені таламус ағзадағы биологиялық сағаттың жұмысына жауапты.
Ғалымдардың пайымынша, мидағы ақ зат жұмысының бұзылуы миелинді- жүйке  талшықтарының қабыршағын түзетін затты жоғалту салдарынан болуы мүмкін.




 
нравится:    784
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии