14 Декабрь
02:49
Астана: -26 °C
Алматы: -5 °C
USD/KZT: 335.38
EUR/KZT: 394.07
RUB/KZT: 5.67
CNY/KZT: 50.67
Әлем жаңалықтары
26 ақпан 09:53
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

​Ғалымдар: сыра онкологиялық ауру тудырады

Немістің танымал Spiegel басылымы жариялаған ақпарат сыраға әуес жандарды бей-жай қалдырмайды. Оған сәйкес, Мюнхен Қоршаған институтының ғалымдары сыраның танымал 14 түрінен глисофат атты химикат табылғанын хабарлапты. Ал глифосат дегеніміз – бұл канцероген. Оны егістің арам шөптерін жою үшін қолданылатын сұйықтықтың құрамына қосады. Ең қиыны, мұндай тыңайтқыш қосылған ішімдікті ішкен адам онкологиялық ауруға шалдығуы мүмкін, деп хабарлайды informing.ru. Глисофаттардың ең көп мөлшері Hasseröder сыра қайнату зауытының өнімдерінен табылған екен. Бұл кәсіпорын Саксония-Анхальт жерінде орналасқан. Осы зауыт сырасының бір литрінен табылған пестицид мөлшері 29,74 микрограмм болған. Ал жалпы оның рұқсат етілген мөлшері 0,1 микрограмнан аспауы тиіс.  Жаңалық жариялана салысымен, Неміс сыра қайнатушыларының ассоциациясы сырадан онкологиялық ауру болмайтынан мәлімдеді. «Глифосат мөлшері адам өміріне қауіпті болуы үшін ол тек 1 тәулік ішінде мың литрге жуық сыра ішуі тиіс», - дейді сыра қайнату мамандары.

24.kz
нравится:    762
Теги: Денсаулық,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии