24 Август
11:07
Астана: 24 °C
Алматы: 22 °C
USD/KZT: 333.32
EUR/KZT: 392.58
RUB/KZT: 5.64
CNY/KZT: 50.02
Экономика
2 қараша 15:33
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ғалымдар табысқа жетудің құпиясын ашты
Британдық психологтар америкалық ғалымдармен бірігіп қандай да бір жеке мақсаттарға жетем деген адамдар қалай әрекет етуі керек екенін баяндады. Авторлар тәжірибе нәтижелерін шетелдік ғылыми журналдардың бірінде жариялаған.



Ғалымдар адамның өз мақсатына жету кезінде өз дамуын неғұрлым жиі бақыласа, соғұрлым оған жетудің көп мүмкіндіктеріне ие болады. Психологтар мақсаттарға жету күнделігін жүргізу, сондай-ақ олар туралы туыстар және достармен бөлісудің оң әсері туралы айтып берді.

Өз зерттеуінде авторлар 19 951 ерікті туралы баяндаған 138 тәжірибенің мәліметтерін талдап, олардың мақсаттарға жету жолындағы ілгері басуының сол мақсаттарға қол жеткізуге қалай әсер ететінін зерттеді. Осылайша, психологтарды темекі шегу сияқты зиянды әдеттерден бас тарту, салмақ пен қан қысымының азаюы, емдәмді ауыстыру және еріктілердің денсаулығына қатысы бар өзге де жеке мәселелердің мақсаттарға жету процесіне әсер еткені де қызықтырды.

Ғалымдар мақсатқа жеткісі келетін адамдарға өз табыстарын күнделіктеріне жиі түрде жазып отырып, оларды көпшілікке айтуды кеңес етті. Бұдан басқа, психологтар қатысушылардың бір-бірімен өз әрекеттерінің нәтижелерімен бөлісетін топтарды қолдау тиімділігі туралы баяндады.

Дереккөзі: http://islam.kz/
нравится:    809
Теги: Бизнес, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии