16 Декабрь
20:47
Астана: -19 °C
Алматы: -8 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
3 желтоқсан 13:02
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ғалымдар таңғы ас ішудің басты пайдасын атады


​Тель-Авив университетінің ғалымдары таңғы астан бас тарту семіздікке алып келіп, сусамырдың 2-типі, қан қысымының жоғарылауы және жүрек-қан тамырлар ауруларын туындататынын анықтады, – деп хабарлайды Stan.kz MedicalXpres басылымына сілтеме жасай отырып.

Зерттеу жұмысына артық салмақтан және сусамырдан зардап шегетін 18 адам, одан бөлек дене салмағы қалыпты 18 адам қатысқан. Тест өткен күндердің бірінде олар таңғы ас пен түскі ас ішсе, келесі күні тек түскі ас берілген. Бұл уақытта спецификалық ақуыздар концентрациясын анықтау үшін қатысушылардан қан алыныпты. Сонымен қатар сараптама арқылы ас қорытумен байланысты гендердің белсенділігін анықтамақ болған. Сараптама  жасау барысында глюкоза, инсулин, глюкагон тектес пептид-1 мен дипептидилпептидаз-4 анықталған.

Мамандардың тұжырымы бойынша, таңғы ас ішкен кезде белгілі уақытта ғана іске қосылатын гендер дұрыс экспрессияланады екен. Өз кезегінде ол дене салмағын, қан қысымын, эндотелий қызметін бақылауға көмектесіп, ұмытшақтықтың алдын алады.

Таңғы ас ішпеген адамдардың қанында қант мөлшері жоғарылап, инсулинге деген сезімталдық төмендеген. Адамдар артық тамақ жемесе де, семіздікке бейімделе түсіпті.
нравится:    136
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии