Әлем жаңалықтары
19 ақпан 14:35
Ғалымдар тазалық құралдарының өмірге аса қауіпті екенін анықтады


Норвегияның Берген унверситетінің ғалымдары тазалық құралдарын тұрақты пайдалану әйелдердің өкпесіне қауіп төндіретінін анықтады, деп хабарлайды MedicalXpress.

Ұзақ уақыт бойы жүргізілген зерттеуге 6236 адам қатысқан, олардың орташа жасы - 34. Дәрігерлер 20 жыл бойы зерттеуге қатысқан еріктілердің тыныс алу жүйесінің жағдайын бақылаған. Бір жыл ішінде үй шаруасындағы әйелдер мен үй қызметшілерінің алғашқы секундта үдемелі тыныс алуы сәйкесінше 3,6 миллилитрге және 3,9 миллилитрге төмендегені анықталды.

Адамның өкпеден шығаратын ауасының жалпы көлемін көрсететін өкпенің үдемелі тіршілік сыйымдылығы бір жыл ішінде үй жинайтын әйелдерде 4,3 миллилитрге және кәсіби үй тазалаушыларда 7,1 миллилитрге төмендеген.

Үй шаруасындағы әйелдердің өкпесінің жұмыс істеуінің нашарлауы деңгейі 20 жыл бойы темекі шегетін адамның көрсеткіштеріне тең. Өкпе қызметінің нашарлауы тазалау құраладарының құрамына енген және үйді тазалау кезінде өкпеге жұтылатын заттардың шырышты қабықшаны тітіркендіруімен түсіндіріледі. Бұл демікпе (астма) және тағы басқа ауруларға әкеп соғуы мүмкін.
 
Дереккөзі: www.segodnya.ua
 

Комментарии




Яндекс.Метрика