11 Декабрь
23:21
Астана: -12 °C
Алматы: -7 °C
USD/KZT: 335.05
EUR/KZT: 395.12
RUB/KZT: 5.66
CNY/KZT: 50.64
Әлем жаңалықтары
24 желтоқсан 09:48
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ғалымдар: түнде тамақ жеу ми үшін қауіпті


Түнде тамақ жеу тек ғана артық салмақ қосып алу деген сөз емес. Ғалымдардың айтуынша, түн мезгілінде желінген тамақ миға кері әсерін тигізеді екен. Себебі ағза үшін тәуліктің қалыптасқан белгілі бір ырғағы бұзылуынан адамның есте сақтау қабілеті нашарлайды. Осы зерттеу аясында өткізілген тәжірибеге түнде жорытып жүретін тышқандар қатыстырылды.  Ғалымдар оларды екіге бөлді. Сосын 14 күн бойына бірінші топтағы тышқандарға кешкі сағат 9-дан түнгі 3-ке дейін тамақ берілді. Ал екінші топтағы кеміргіштерге тек күндіз ғана тамақ тастап отырды. Екі топтың ұйықтаған уақыт мөлшері бірдей болған. Бірақ, көп ұзамай, түнде тамақ жеген тышқандардың қалыптасқан тәуліктік өмір сүру ырғағы бұзылып, ақуыз бөлуіне кері әсер еткен.  Сондай-ақ ғалымдар түнде жұмыс істеп, тамақтанған адамдардың интеллект деңгейі төмендегенін байқаған, деп жазады planet-today.ru.

Дереккөзі: 24kz
 
нравится:    872
Теги: Денсаулық, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии