17 Декабрь
10:07
Астана: -23 °C
Алматы: -9 °C
USD/KZT: 335.33
EUR/KZT: 395.49
RUB/KZT: 5.70
CNY/KZT: 50.75
Әлем жаңалықтары
11 мамыр 16:38
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Ғалымдар Тянь-Шань тауынан жойылып кеткен мұхиттың орнын тапты


Халықаралық ғалымдар тобы Қырғызстанның Тянь-Шань тауынан жойылып кеткен ежелгі мұхит аралының орнын тапты, деп хабарлайды Новосібір мемлекеттік университетінің баспасөз қызметі.

Ресей, Германия, Ұлыбритания және Жапония елдерінің ғалымдары қатысқан зерттеу нәтижесі Gondwana Research журналында жарияланған.
Новосібір мемлекеттік университетінің аға ғылыми қызметкері Инна Сафонованың айтуынша, аталған орын Тянь-Шань тауының Қырғызстан аумағындағы оңтүстік жотасынан табылған.

"Бұл тек мұхит жайында емес, біз мұхит аралының қалдықтарын таптық. Ғалымдар оның жасын да есептеп шығарды. Бұл жерде шамамен 55 миллион жыл бұрын мұхит аралы болған", – дейді Сафонова.

Қазір ғалымдар Түркістан немесе Оңтүстік-Тяньшаньдық мұхит Қазақстан мен Тарим орталығында, яғни қазіргі Еуроазиялық материкте болған дейді.
нравится:    900
Теги: Әлемде талай қызық бар, Главная,
поделиться:

Поделиться в Whatsapp

Loading...
Читайте так же:

Комментарии