|    |  
12 желтоқсан 2018
08:05
қаз
Ғалымдар үлкен қалалардың тұрғындары тері ауруларына жиі ұшырайтынын дәлелдеді
09 наурыз, 16:31 74



Мегаполис тұрғындары тері ауруларымен көп ауырады. Оңтүстік Корея ғылыми зертханаларының ғалымдары осындау пікірге келді. Олар жүргізген зерттеудің нәтижелері Science Advances журналында жарияланды.

Үлкен қалалардың тұрғындары ауыл тұрғындарына қарағанда тері ауруларына көбірек ұшырайтыны бұрын да белгілі болатын. Ғалымдардың тұжырымы бойынша, мұның себебі ауа құрамының ластануымен байланысты. Соған қарамастан, тері ауруларының, мысалы дерматиттің неден туындайтыны әлі де толығымен анықталған жоқ.

Зерттеушілер адамның терісінде тіршілік ететін микроағзаларды мұқият бақылауға шешім қабылдаған. Осы мақсатта олар Қытайдың 5 қаласында тұратын 231 әйелден зерттеу материалы ретінде жағындылар алған. Оның ішінде 3 қала үлкен, қалған 2-уі – мегаполис болып табылады.

Нәтижесінде мегаполистерде тұратын әйелдердің терісіндегі микроағзалар ірі қалаларда тұратын әйелдердің терісіндегі микроағзалардан аздап ерекшеленетіні анықталған. Оның үстіне мегаполис тұрғындарының терісіндегі микроағзалар санының мөлшері аз болып шыққан.

Ғалымдар осылайша микроағзалардың түрлерінің көптігі және олардың адам терісіндегі көп саны түрлі аурулардан қорғайды деген қорытындыға келген.


Дереккөзі: lenta.ru
 


Жаңалықтар